Елордада қымбат вискилер ұрлаған жас қыз бейнебақылау камерасына түсіп қалды (ВИДЕО)
Астаналық тұрғын супермаркетке белгісіз біреу келіп, 4 дана қымбат вискиді ұрлап кеткенін айтып арызданған, деп хабарлады Elorda.info.
ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында дүкеннен ұрлық жасаған 20 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Тергеу барысында жас қыздың кешкі сағат 21:13 шамасында Тұран даңғылының бойында орналасқан супермаркеттердің біріне келгені анықталды. Бейнежазбада бойжеткеннің «Jameson» маркалы вискилерді алып, сырт киімінің ішіне жасырғанын көруге болады. Келтірілген шығын көлемі 35 мың теңгеден астам соманы құрады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрлық жасаған жас қыз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Полицейлер азаматтарды қырағы болуға шақырады және жұмыс орнын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.
-->Астаналық тұрғын супермаркетке белгісіз біреу келіп, 4 дана қымбат вискиді ұрлап кеткенін айтып арызданған, деп хабарлады Elorda.info.