Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы көз жұмды
Ақсу ферроқорытпа зауытында ер адам көз жұмды, деп хабарлады Elorda.info.
Оқиға 20 желтоқсан күні сағат 08.21-де Ақсу ферроқорытпа зауытындағы балқыту цехында болған. Бұл туралы зауыттың Instagram парақшасында жарияланды. Зауыттың мәлімдеуінше, конвейер жабдығына қызмет көрсету кезінде жазатайым оқиға болып, слесарь-жөндеуші жарақат алған.
Оқиға туралы мемлекеттік мекемелерге хабарланып, тергеу басталды. Жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
«Қазхром» ТҰК» АҚ басшылығы мен ұжымы марқұмның туғандары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Зауыт марқұмның отбасына барлық қажет көмек көрсетілетінін атап өтті.
-->Ақсу ферроқорытпа зауытында ер адам көз жұмды, деп хабарлады Elorda.info.
Оқиға 20 желтоқсан күні сағат 08.21-де Ақсу ферроқорытпа зауытындағы балқыту цехында болған. Бұл туралы зауыттың Instagram парақшасында жарияланды. Зауыттың мәлімдеуінше, конвейер жабдығына қызмет көрсету кезінде жазатайым оқиға болып, слесарь-жөндеуші жарақат алған.
Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылып, зардап шеккен адам Ақсу орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмды, - делінген жазбада.