Елордада Ұлттық ұланның әскери қызметшілері нашақорды ұстады
Астанада Ұлттық ұланның 5573 бөлімінің әскери қызметшілері көшелерді патрульдеу кезінде нашақорды ұстады, деп хабарлады Elorda.info.
18 желтоқсанда сағат 20.35 шамасында Алматы ауданындағы Манас көшесінде патрульдік-бекеттік қызметті атқару кезінде әскери жасақ бастығы Асылбек Жарқынбек бастаған патрульдік қатардағы жауынгерлер Үсен Саматов пен Нарбек Есентурмен бірге күдікті әрекет еткен ер адамды байқады, бұл туралы әскери жасақ дереу байланыс желісі бойынша кезекшіге баяндады.
Елордалық ұландықтар ер адамды ұстап алып, оны ары қарай тексеру үшін Алматы ауданының полиция басқармасына жеткізді.
-->Астанада Ұлттық ұланның 5573 бөлімінің әскери қызметшілері көшелерді патрульдеу кезінде нашақорды ұстады, деп хабарлады Elorda.info.
18 желтоқсанда сағат 20.35 шамасында Алматы ауданындағы Манас көшесінде патрульдік-бекеттік қызметті атқару кезінде әскери жасақ бастығы Асылбек Жарқынбек бастаған патрульдік қатардағы жауынгерлер Үсен Саматов пен Нарбек Есентурмен бірге күдікті әрекет еткен ер адамды байқады, бұл туралы әскери жасақ дереу байланыс желісі бойынша кезекшіге баяндады.
Ұсталған адам әскери киімдегі бізді көргенде, өзін қоярға жер таппай қалды. Күдікті азамат ағаштардың жанынан кілт іздеп жүргенін айтты. Осыдан кейін ағаштардың бірінің астынан ерекше иісі бар қоңыр түсті байлам табылды, - дейді әскери жасақ бастығы А.Жарқынбек.