Елордада жатақханада болған өрттен екі адам зардап шекті
Елордада екі қабатты жатақханадан өрт шығып, салдарынан иіс тиген екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлады Elorda.info.
Тілсіз жауды сөндіруге 20 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 14:27-де өшірілді.
Өрт салдарынан 1971 жылы және 1994 жылы туған екі адам көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жеткізілді.
-->Елордада екі қабатты жатақханадан өрт шығып, салдарынан иіс тиген екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлады Elorda.info.
16 желтоқсан күні сағат 13:44-те Астана қаласы төтенше жағдай департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Алматы ауданы Балқантау көшесі 137 мекенжайына барды. Оқиға орнына құтқарушылар 4 минутта жетті және екі қабатты коттедждің жатақхана ретінде қайта жабдықталғанын анықтады. Онда жалпы ауданы 150 шаршы метр болатын шатыр мен үй төбесі жанған», - деп хабарлады қалалық ТЖ департаменті.
Тілсіз жауды сөндіруге 20 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 14:27-де өшірілді.
Өрт салдарынан 1971 жылы және 1994 жылы туған екі адам көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жеткізілді.