Оқиға

Астанада ақша ұрлаған бойжеткен ұсталды

Астанада полицейлер ақша ұрлаған бойжеткенді ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Полицияға қала тұрғыны ақшасы ұрланғаны жөнінде хабарлаған.

Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ақша ұрлады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің Балқантау көшесінің бойындағы қонақүйлердің біріне жәбірленушімен келгені анықталды. Содан бойжеткен танысының ұйықтап қалған сәтін пайдаланып, сырт киімінің қалтасынан 40 мың теңге ақшалай қаражатты ұрлап алып, кетіп қалған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрлық жасаған жас қыз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Полицейлер азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

-->