Елордалық бармен есірткі сатқаны үшін 15 жылға сотталуы мүмкін
Астаналық түнгі клубтың 22 жастағы бармені есірткі таратқаны үшін ұсталды. Күдікті өзінің жұмыс орнында – түнгі клубтың бар үстелінде мефедрон сатуды ұйымдастырған, деп хабарлады Elorda.info.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде 4 грамм мефедрон және 11 грамм гашиш тәркіленді.
-->Астаналық түнгі клубтың 22 жастағы бармені есірткі таратқаны үшін ұсталды. Күдікті өзінің жұмыс орнында – түнгі клубтың бар үстелінде мефедрон сатуды ұйымдастырған, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізіп, жеткілікті дәлелдеме базасын алып, есірткіні ойын-сауық орындарында өткізгені үшiн түнгі клубта бармен болып жұмыс істейтін жас жігітті ұстады. Оның жалға алған пәтерін тінту кезінде «каннабис» және «синтетикалық» есірткі заттары да тәркіленді, - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек министрліктің дәстүрлі брифингінде.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде 4 грамм мефедрон және 11 грамм гашиш тәркіленді.
Енді күдікті он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деді Ш. Тұрлыбек.