Оқиға

Астанада үйдің кіреберісінен балалар арбасын ұрлаған күдікті ұсталды

«Алматы» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 37 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында күдіктінің Сәтпаев көшесінің бойындағы үйлердің бірінің кіреберісіне кіріп, құны 38 мың теңге тұратын балалар арбасын ұрлап кеткені анықталды. Ұрлық орын алған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ол ұрланған затты базарға барып төмен бағаға сатып жіберген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

-->