Оқиға

Елордалық оқушы мектепке «мина қойылды» деп хабарлаған

Астаналық жасөспірім мектепте «мина қойылды» деп полицияға жалған ақпарат берді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астана қаласы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын өткізіп. Нәтижесінде жалған ақпарат таратушыны анықтады. Ол сол мектептің 13 жастағы оқушысы болып шықты.

 

-->

Астаналық жасөспірім мектепте «мина қойылды» деп полицияға жалған ақпарат берді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

5 желтоқсан күні әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында Төле би көшесіндегі мектептердiң бiрiнде террористік акті болатыны туралы хабарлама анықталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді.

Мектеп ғимаратын тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылмады, іс-шара эвакуациясыз өткізілді, қауіп сейілді, - делінген полиция мәліметінде.

Астана қаласы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын өткізіп. Нәтижесінде жалған ақпарат таратушыны анықтады. Ол сол мектептің 13 жастағы оқушысы болып шықты.

Жасөспірім сабақ болмағанын қалап, осылай әзілдегенін түсіндірді. Ювеналды полиция инспекторларының және баланың ата-анасының қатысуымен жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады, - делінген хабарламада.