Екібастұздағы жағдай: Барлық үйге жылу берілді
Екібастұз қаласындағы апат салдарын жою жөніндегі жедел штаб 7 желтоқсанның таңына дейінгі атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.
Жедел штаб басшысы – Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, 7 желтоқсан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша зардап шеккен барлық үйге жылу берілді. Желілік судың параметрлері: қысымы 8,8 кг/см2, түзу бағытта 83 градус, түзу және кері бағытта 56 градусты құрайды.
Еске салайық, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды.
-->Екібастұз қаласындағы апат салдарын жою жөніндегі жедел штаб 7 желтоқсанның таңына дейінгі атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.
Жедел штаб басшысы – Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, 7 желтоқсан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша зардап шеккен барлық үйге жылу берілді. Желілік судың параметрлері: қысымы 8,8 кг/см2, түзу бағытта 83 градус, түзу және кері бағытта 56 градусты құрайды.
Энергия көзі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Екібастұз ЖЭО қаладағы жылуды қалпына келтіру бойынша қажетті барлық жұмысты атқарып жатыр. Алайда, өкінішке қарай, соңғы күндері орын алған оқиғалардың салдарынан болған гидравликалық режимнің баланстан ауытқуы, соның ішінде тұтынушылар мен ПИК-тердің жылу тасымалдағыштағы суды рұқсатсыз ағызуы бұл жұмысты қиындатып отыр.
Барлық тұрғындарға шыдамдылық танытқаны үшін алғыс білдіреміз және алдағы 2-3 күнде бірлескен күш-жігердің арқасында жылумен қамту толығымен қалпына келеді деп ойлаймыз, - делінген жедел штаб мәліметінде.
Еске салайық, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды.