Оқиға

Астанада пәтерді жалға беріп адамдарды алдаған алаяқ ұсталды

Полицияға қала тұрғыны белгісіз біреу оның ақшасын алаяқтық жолмен иемденгені жөнінде арызданған, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Есіл» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жолмен ақша иемденген 33 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында анықталғанындай, күдікті елордадан  пәтерді бір тәулікке жалға  алып, содан сол пәтерді «krisha.kz» сайтына орналастырып, басқа тұлғаға ұзақ мерзімге жалға берген. Бір күннен кейін үйдің иесі келгенде ғана жәбірленуші алаяққа алданғанын түсініп полицияға хабарласқан. Келтірілген шығын көлемі 246 мың теңгені құрады.

 Аталған фактіге сәйкес «алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

 Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

-->