Екібастұздағы апаттың алдын ала себебі белгілі болды
Баспасөз жиынында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр апаттың алдын ала себебі мен қазіргі жағдай туралы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті апатқа қатысты алдын ала тексеру жүргізген.
Тексерулердің нәтижесі бойынша құбырлардағы ақаулар станциядағы қызметкердің қате әрекет жасауынан болған. Салдарынан желідегі қысым артқан. Қысым жоғарылап кеткендіктен құбырлар көп жерден жарылған, - деді Роман Скляр.
27 қарашада бір сәтте желіде 43 құбыр жарылу фактісі анықталса, 28 қарашада тағы 30 ақау қосылған. Екібастұзда мұндай апат алғаш рет болып отыр.
Ал қазіргі уақытта Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 58 көпқабатты үй жылусыз отыр. Бүгін таңғы сағат 10-да 5А шағын ауданындағы ірі ақау жөнделді.
Роман Склярдың айтуынша, жылдар бойы ЖЭО мен желілер қалай басқарылғаны, басшылар қандай жұмыс жасағаны, қаншалықты күтіп ұсталғаны, жөндеулерге қанша қаржы бөлінгені қылмыстық істі тергеу барысында анықталады.
-->Баспасөз жиынында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр апаттың алдын ала себебі мен қазіргі жағдай туралы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті апатқа қатысты алдын ала тексеру жүргізген.
Тексерулердің нәтижесі бойынша құбырлардағы ақаулар станциядағы қызметкердің қате әрекет жасауынан болған. Салдарынан желідегі қысым артқан. Қысым жоғарылап кеткендіктен құбырлар көп жерден жарылған, - деді Роман Скляр.
27 қарашада бір сәтте желіде 43 құбыр жарылу фактісі анықталса, 28 қарашада тағы 30 ақау қосылған. Екібастұзда мұндай апат алғаш рет болып отыр.
Апат ЖЭО-да болған жоқ. Апат желілерде болған. Ақаулар шығып, құбырлардан су көп жоғалғандықтан жылу энергетикалық орталығындағы қазандықтар автоматты түрде тоқтаған. Жылу энерегетикалық орталық жағдайы жақсы болмаса да жұмыс жасап тұр, - деді Роман Скляр.
Ал қазіргі уақытта Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 58 көпқабатты үй жылусыз отыр. Бүгін таңғы сағат 10-да 5А шағын ауданындағы ірі ақау жөнделді.
Алайда, желідегі температураның әртүрлі болуынан және үйлердегі жылу жүйесінен судың дұрыс төгілмеуінен жылу энергетикалық орталығы бұл үйлерге жылу бере алмай отыр. Қазір 5Б, 6 шағын аудандарындағы 41 көпқабатты үйге ақырындап жылу беру басталды. Ал, ертең бәрі дұрыс болса 5А шағын ауданындағы 17 үйге жылу беруді бастаймыз, - деді Роман Скляр.