Ресейде қазақстандық бойжеткенді өз пәтерінде өлтіріп кеткен
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында петропавлдық қызды әлдекімдер айуандықпен өлтіріп кеткен, деп хабарлады Elorda.info.
Петропавловск.news-тің жазуынша, Санкт-Петербургке көшіп кеткен 27 жастағы Юлиананы күдіктілер өз пәтерінде өлтірген.
Ресей ІІМ Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Бас басқармасының баспасөз қызметі 24 қарашада қаланың Приморск ауданының полициясына 1983 жылы туған ер адамнан хабарлама келіп түскенін айтқан. Ол өзінің 27 жастағы танысының жоғалып кеткенін, ол 23 қарашада Студенческая көшесіндегі пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін пәтеріне барғаннан кейін байланысқа шықпағанын айтқан.
Оқи отырыңыз: «Қазақстан аруы» Мәскеудегі пәтерінен өлі күйінде табылды
Осы қылмысты жасады деген күдікке пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізген 41 жастағы азамат ілінген.
Мигрант 2 күн іздестіріліп, 27 қарашада Ресей ІІМ Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Бас басқармасы қызметкерлері Мәскеу даңғылы, 36 мекенжайындағы жатақханадан шығып келе жатқанда ұстаған.
-->Ресейдің Санкт-Петербург қаласында петропавлдық қызды әлдекімдер айуандықпен өлтіріп кеткен, деп хабарлады Elorda.info.
Петропавловск.news-тің жазуынша, Санкт-Петербургке көшіп кеткен 27 жастағы Юлиананы күдіктілер өз пәтерінде өлтірген.
Ресей ІІМ Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Бас басқармасының баспасөз қызметі 24 қарашада қаланың Приморск ауданының полициясына 1983 жылы туған ер адамнан хабарлама келіп түскенін айтқан. Ол өзінің 27 жастағы танысының жоғалып кеткенін, ол 23 қарашада Студенческая көшесіндегі пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін пәтеріне барғаннан кейін байланысқа шықпағанын айтқан.
Оқи отырыңыз: «Қазақстан аруы» Мәскеудегі пәтерінен өлі күйінде табылды
Ер адамның арызын тексеру кезінде полицейлер көрсетілген мекенжай бойынша пәтерді қарап шықты. Тексеру кезінде бұрышта құрылыс қалдықтары салынған қаптардың арасынан үй иесінің полиэтиленге оралған денесі табылды. Бұл факт бойынша Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.