Қаңтар оқиғасы кезінде Жансейіт Түймебаевтың ұлын атып кеткен күдікті ұсталды
Қаңтар оқиғасы кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлын өлтірді деген күдікті ұсталды. Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады, деп хабарлады Elorda.info.
Сот шешімімен күдіктіге қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Еске салсақ, биыл 11 қаңтарда Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар көз жұмған еді.
Ол 6 қаңтар кешке сағат 18:35 шамасында көлігімен үйіне қайтып бара жатқан. Назарбаев көшесімен жоғары қарай жүріп келе жатқанда Сәтбаев көшесіне жетпей қиылыста тоқтаған. Осы уақытта белгісіз біреулер кенеттен оқ жаудырған. Елнар алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
-->Қаңтар оқиғасы кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлын өлтірді деген күдікті ұсталды. Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады, деп хабарлады Elorda.info.
Сот шешімімен күдіктіге қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
21 қазанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлын өлтірді деген күдікті ұсталды. Қазір ол қамауда отыр, - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.