Оқиға

Елордада жалған анықтамалар сатқан медициналық орталықтардың басшылары ұсталды (ВИДЕО)

Елордада жалған анықтамалар сатқан медициналық орталықтардың екі басшысы ұсталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Клиенттер көлік құралдарын басқаруға жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтамаларға тапсырыс берген. Іс-шаралар кешені барысында Астана қаласының полицейлері алдын ала сөз байласу арқылы жалған медициналық анықтамаларды өткізу арнасын ұйымдастырған ЖШС-ның екі басшысын ұстады. Ақшалай қаражатқа олар медициналық ұйымға іс жүзінде бармай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын, денсаулық паспорттарын, санитарлық кітапшаларды, №086, 075 нысанындағы анықтамаларды және өзге де медициналық құжаттарды дайындаған.

Тергеу-жедел іс-шаралар кешенін өткізу кезінде Астана қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Тәуелсіздік даңғылы бойындағы медициналық орталықтың 33 жастағы басшысын ұстады. Тінту барысында қолма-қол ақша, елтаңбалық мөрлер, медициналық мөртабандар, медициналық анықтамалардың үзбелі түбіртек байламдары, тіркеу журналдары, медициналық кітапшалар, толтырылған және мөр қойылған еңбекке жарамсыздық парақтары тәркіленді.

Сондай-ақ Әуезов көшесінде орналасқан медициналық орталықтың тағы бір 33 жастағы басшысы ұсталды. Тінту барысында медициналық кітапшалар, еңбекке жарамсыздық парақтары, мөрлер тәркіленді. Клиенттердің жұмысқа орналасу, көлік құралдарын басқару үшін жүргізуші куәлігін алу және тағы басқа қажетті медициналық анықтамаларға тапсырыс бергені анықталды.

Аталған фактілер бойынша жалған құжаттарды дайындағаны және өткізгені үшін ҚР ҚК-нің 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

-->