Жүргізуші куәлігінен айырылған елордалық әйел мас күйде көлік айдаған
Қала тұрғыны таңертеңгі уақытта полицияға оның алдындағы Toyota Camry көлігін мас әйел айдап келе жатқанын айтқан, деп хабарлады Elorda.info.
Медициналық куәландыруға сәйкес, ол жеңіл дәрежедегі мас күйінде көлік жүргізген. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабымен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде жүрген адамның көлік құралын басқару) қылмыстық іс қозғалды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Елордада көлік тәртібін арттыруда жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеудің автоматты жүйелері маңызды рөл атқарады. “Қорғау” мобильдік қосымшасын іске қосу басталғаннан бері жалған нөмірлік белгілері бар 91 жүргізуші, куәлігі жоқ 755 жүргізуші және 180 көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші анықталды. Коммуналдық тұраққа 731 автокөлік қойылды.
-->Қала тұрғыны таңертеңгі уақытта полицияға оның алдындағы Toyota Camry көлігін мас әйел айдап келе жатқанын айтқан, деп хабарлады Elorda.info.
Тәртіп сақшылары дереу Тұран даңғылында көлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде 29 жастағы әйелдің бұрын жолдың қарама-қарсы жолағына шыққаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды, – делінген хабарламада.