Қарағанды – Ақадыр учаскесінде пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қарағанды – Ақадыр учаскесінде пойыздар қозғалысының қалпына келтірілгендігін мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
21 сағат 03 минутта Қарағанды облысының Қарағанды – Ағадыр учаскесінің Қарабас аралығында вагондар жолдан шығып кеткеннен кейін үзілген пойыздар қозғалысы қайта басталды.
Бұрын хабарланғандай, бұл аралықта 6 сағат 15 минутта жүк вагондарының жолдан шығып кетуі орын алған болатын. Соның салдарынан учаскеде қозғалыс тоқтатылған еді.
Компания жолаушылардан туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Арнайы комиссия болған оқиғаға тексеріс жүргізуде.
-->«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қарағанды – Ақадыр учаскесінде пойыздар қозғалысының қалпына келтірілгендігін мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.