Оқиға

Елордада қарт адам ғашығының бағалы заттарын ұрлады

45 млн теңге, 9 мың АҚШ доллары көлемінде ақша және гауһар тасты зергерлік бұйымдардың жоғалғаны туралы Алматы ауданы Полиция басқармасына жәбірленуші әйел арызданған, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер бағалы заттар мен ақшаны әйелдің жақын танысы ұрлап кеткенін анықтады. Жәбірленушінің айтуынша, ол осы жылдың сәуір айында ер адаммен танысқан. Ол мезгіл-мезгілімен әйел досына қонаққа барып тұрған, сондай бір кездесу кезінде бағалы заттарды ұрлап кеткен.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Павлодар облысында полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен 61 жастағы ер адамды ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Ер адамның сөзінше, ұрланған алтын зергерлік бұйымдарды, атап айтқанда гауһар тас жиынтығы мен гауһар тасты сақинаны ломбардқа өткізген, ал ақшаны ойын автоматтарында ұтылып қалған. 

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ күдіктінің 2013 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталғаны анықталды.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

-->