Оқиға

Астанада өрттен үш адамды құтқарған өрт сөндірушінің жағдайы ауыр

Кеше елордада болған өрттен үш адамды құтқарған өрт сөндірушілер мен зардап шеккен тұрғындардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.

 

-->

Кеше елордада болған өрттен үш адамды құтқарған өрт сөндірушілер мен зардап шеккен тұрғындардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.

Кеше жедел жәрдем бригадасы Б. Момышұлы 14 мекенжайындағы өрттен кейін 4 науқасты №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізді. 1994 жылы туған науқастың жағдайы өте ауыр, 3 дәрежелі күйік шалған. Қазіргі уақытта жан сақтау бөлімінде жатыр. 1988 жылы туған науқастың жалпы жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

2 пациент токсикология бөлімінде ем алуда. Екеуінің де жағдайы орташа бар. Олардың жағдайы жақсарды. Толық көлемде емделіп, тексеруден өтуде, - деп мәлім етті қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.