Оқиға

Астанада пәтерлерді жалға беріп адамдарды алдаған алаяқ ұсталды

Елордалық полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жолмен ақша иемденген 27 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Полицияға қала тұрғыны белгісіз біреу оның ақшасын алаяқтық жолмен иемденгені жөнінде арызданған. 

Тергеу барысында анықталғанындай, күдікті елордадан 2 тәулікке пәтер жалға алып, содан сол пәтерді үйді жалға беретін сайтқа орналастырып, басқа адамға ұзақ мерзімге жалға берген. Екі күннен кейін үйдің иесі келгенде ғана жәбірленуші алаяққа алданғанын түсініп полицияға хабарласқан. Келтірілген шығын көлемі 180 мың теңгені құрады. Қаскүнемнің осыған ұқсас қылмыстың 6 эпизодына қатысы бар екені белгілі болды.

Аталған фактіге сәйкес «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицейлер азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

-->