Оқиға

«Құбыр жарылған»: Мұнай 3 мың шаршы метрді ластады

Ақтөбе облысында бұрғылау ұңғымасының құбыры жарылып, су аралас мұнай сыртқа атқылап жатыр. Жан-жаққа жайылған қара алтын үш мың шаршы метрден аса аумақты ластады, деп хабарлады Elorda.info Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға Кеңқияқ ауылының іргесіндегі мұнай кенішінде болды.«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясына қарасты цехтың айналасына су аралас мұнай жайылып жатыр. Оны тазартуды «Ақберен» деген компанияның жұмысшыларына жүктеген. 

Мамандардың айтуынша, ұңғымадағы құбыр бұрын дәнекерленген. Сол жері мүжіліп, кейін жарылып кеткен.  Экологтар төгілген мұнайдың қоршаған ортаға қаншалықты зиян тигізгенін әзір айта алмайды. Тексеру қортындысынан соң мұнай компаниясына қандай жаза қолданылатыны және келтірген залал көлемі белгілі болмақ. 

-->

Сынамалар алынып, ластанған жердің көлемі өлшенді. Департамент тарапынан СНПС АҚ-на «Ақтөбемұнайгаз» қоғамына жоспардан тыс экологиялық тексеріс тағайындалды. Апат себебі – бас бағанадағы дәнекерленген жер жарылып кеткен, – дейді Ақтөбе облысы экология департаментінің бөлім басшысы Тұрар Қожанов.