Елордада 18 жастағы жігіт 24-қабаттан секіріп кеткен
Елордада 18 жастағы жігіт суицид жасап көз жұмды, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 31 қазанда болған.
Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.
-->Елордада 18 жастағы жігіт суицид жасап көз жұмды, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 31 қазанда болған.
Есіл ауданының Полиция басқармасына Қабанбай батыр даңғылынан сағат 19.30 шамасында белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру келіп түсті. Тексеру барысында аталған дерек расталды, - делінген полиция хабарламасында.
Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады.
Суицид жасаған адам 24-қабаттан секіріп кеткен 18 жастағы елорда тұрғыны болып шықты, - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.