Оқиға

Жамбыл облысында автокөлік пен пойыз соқтығысып, 6 адам көз жұмды (ФОТО)

Жамбыл облысында жолаушылар пойызы мен жеңіл автокөлік соқтығысып қалды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

1 қараша күні сағат 08.55 шамасында Түрксіб стансасындағы желілік полиция бөліміне Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Көлік апатының салдарынан 6 адам қаза тапты.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеп жатыр.

-->