Оқиға

Таразда журналисті тонамақ болған ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Полицейлер Таразда журналисті тонамақ болған адамды ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Polisia.kz сайты жазғандай, Тараз қаласының полиция бөліміне тонау әрекеті туралы қоңырау түскен. Шағымданған әйел Сүлейменов көшесіндегі «Жастар» аллеясында белгісіз ер адам одан ұялы телефоны мен қолма-қол ақшасын ұрламақ болғанын және бірнеше рет ұрғанын хабарлады. Ал әйел қарсылық көрсете бастағанда ол өзінің қылмыстық әрекетін аяқтамай, белгісіз бағытта қашып кеткен.

Осы дерек негізінде полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлімі 191-бабы 2-бөлімі 1-тармағы (Тонауға оқталу, яғни жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес зорлық-зомбылықты қолдана отырып, бөтеннің мүлкін ашық ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

-->