Оқиға

«Жұмысқа орналастырамын»: Астанада алаяқ әйел ұсталды

Астаналық полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жолмен ақша иемденген 30 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Жәбірленушінің айтуынша, өзі жақсы танымайтын азаматша сеніміне кіріп, қаладағы компаниялардың біріне жұмысқа орналастырып беремін деп 500 мың теңге ақшасын алған. Алайда ақшаны иемденген алаяқ уәдесін орындамай не ақшаны қайтармай жәбірленушіні әбігерге салады. Содан кейін алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полициядан көмек сұрайды.

Аталған фактіге қатысты «алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматша кінәсін мойындады, оның елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Полицейлер азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

-->