Астанада автобуста ұрлық жасаған қалта ұрысы ұсталды
Астаналық полицейлер автобус салонында ұрлық жасаған қалта ұрысын ұстады, деп хабарлады Elorda.info.
102 жедел арнасына елорда тұрғыны ұялы телефонды ұрлау туралы арызбен жүгінген.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 39 жастағы ер адамды ұстады.
Полицейлер жеке мүліктерді ұрламау үшін сақ болуды ескертеді.
-->Астаналық полицейлер автобус салонында ұрлық жасаған қалта ұрысын ұстады, деп хабарлады Elorda.info.
102 жедел арнасына елорда тұрғыны ұялы телефонды ұрлау туралы арызбен жүгінген.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 39 жастағы ер адамды ұстады.
Кешкі "қарбалас уақытта" маршруттық автобус салонында күдікті жолаушының курткасының сыртқы қалтасынан "Xiaomi" маркалы ұялы телефонды ұрлағаны анықталды. Материалдық шығын 135 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті мойындау көрсетпелерін берді. Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Ұсталған адамның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Полицейлер жеке мүліктерді ұрламау үшін сақ болуды ескертеді.