Оқиға

Жол апатынан көлікпен бірге жүргізуші де жанып кетті

Сәтбаев қаласында көлік бағанға соғылып, жанып кетті. Жол апатынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлытау облыстық Полиция департаменті аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.

-->

Сәтбаев қаласында көлік бағанға соғылып, жанып кетті. Жол апатынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлады Elorda.info.

5 қазан күні Жезқазған — Есіл — Петропавл тас жолында, Сәтпаев қаласынан Жезқазған қаласына шыға берісте, 58 жастағы Меrcedes автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қала атауы жазылған бағанаға соғылған. Жол-көлік оқиғасы кезінде көлік өртеніп, жүргізуші оқиға орнында қаза болды, - делінген хабарламада.

Ұлытау облыстық Полиция департаменті аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.