Оқиға

ҰБТ-дан 130 ұпай жинаймын деп 2 млн теңге берген тұрғын сан соғып қалды

Қызылордада ҰБТ-дан 130 бал алып беремін деп тұрғынды алдап соққан күдікті ұсталды, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда қаласы ПБ Тасбөгет полиция бөліміне 25 жастағы облыс тұрғыны арызданған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

-->

Осы жылдың мамыр айында күдікті жәбірленушіге ҰБТ-дан 130 балл алып беремін деп сеніміне кіріп алдап, 2 миллион теңге қаражатын иемденген. Қызылордалық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған қала тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. 47 жастағы күдікті бойжеткенге жалған ақпарат беріп, алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны белгілі болды, - делінген хабарламада.