Оқиға

«VIP нөмір алып беремін»: алаяқ астаналықты алдап, мойнына несие іліп қойды

Полицияға елорда тұрғыны бейтаныс адам оны «Mercedes-Benz GL» автокөлігі үшін элиталық мемлекеттік нөмірді ақылы түрде рәсімдеуге уәде беріп, оны алдап кеткені туралы өтініш білдірген, деп хабарлады Elorda.info

Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен қаланың 29 жастағы тұрғыны ұсталды. Жәбірленуші күдіктімен кездескені анықталды, онда әңгіме барысында күдікті ақшаға мемлекеттік нөмірді рәсімдеп беруді ұсынған. Бірақ, жәбірленушінің ақшасы болмағандықтан, алаяқ одан несие рәсімдеп, оның орнына элиталық мемлекеттік нөмірді алуды ұсынған. Оның сөзіне сеніп, ер адам ақшаны несиеге алып, күдіктіге берген, алайда көптен күткен нөмірді ақыры алмаған.  

Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат бұрын алаяқтық үшін сотталғаны анықталды, ол өз кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. 

Полицейлер азаматтарға қырағы болуды, күмәнді мәмілелерден бас тартуды ескертеді. 

-->