Елімізді жаяу аралаған 72 жастағы ақсақалға пәтер сыйға берілді
Қазақстанды жаяу аралаған 72 жастағы ақсақалға пәтер сыйға берілді, деп хабарлады Elorda.info Қазақмыс компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жезқазғанда елімізді жаяу аралаған саяхатшыға ерекше құрмет көрсетілді. 72 жастағы ақсақал Сәрсенбай Қотырашов алты ай ішінде бүкіл Қазақстанды аралап шықты. Ақсақал Жезқазғаннан шығып, елдің шығысымен өтіп, Каспийге жеткен.
Айта кетейік, ол барлығы 8 000 шақырымды жүріп өтті.
-->Қазақстанды жаяу аралаған 72 жастағы ақсақалға пәтер сыйға берілді, деп хабарлады Elorda.info Қазақмыс компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жезқазғанда елімізді жаяу аралаған саяхатшыға ерекше құрмет көрсетілді. 72 жастағы ақсақал Сәрсенбай Қотырашов алты ай ішінде бүкіл Қазақстанды аралап шықты. Ақсақал Жезқазғаннан шығып, елдің шығысымен өтіп, Каспийге жеткен.
Айта кетейік, ол барлығы 8 000 шақырымды жүріп өтті.
Бұл шынымен керемет нәтиже! Біздің облыстың барлық тұрғындары БАҚ арқылы сіздің сапарыңызды бақылап, сізге сәттілік тілеп, денсаулығыңызға алаңдап, ортамызға оралғаныңызды тіледі. Сіздің бұл ісінің жас ұрпақ үшін үлкен үлгі. Бүгін Қазақмыс компаниялар тобының басшылығы атынан Сізді шын жүректен құттықтағым келеді. Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір және сарқылмас қуат тілейміз. Сіздің осы ерлігіңіз үшін сізге Жезқазған қаласындағы екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстаймыз, - деп құттықтады «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нұриев.