Оқиға

Қарағандыда із-түзсіз жоғалып кеткен азаматтың мәйіті табылды

33 жастағы қала тұрғыны 15 шілдеден бастап із-түзсіз жоғалуына байланысты іздеуде болған. Оның нақты мекенжайын анықтау шаралары екі айдан астам жүргізілді. Полиция қызметкерлерімен бірге жоғалған азаматты іздеуге оның жақындары, еріктілер жұмылдырылды, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері азаматты анықтау жұмысына барлық күш құралдарды жұмылдырып, оның жақындары мен таныстары бойынша да ақпараттар жинады.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

-->

Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттері барысында криминалдық полиция қызметкерлері жоғалған азаматты өлтірді деген күдікпен 38 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол жәбірленушімен сөзге келіспеушілік барысында оған дене жарақаттарын келтіріп, қылмысын жасыру мақсатында мәйітті жер үйлердің бірінің қорасында көміп тастағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді, -деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.