Оқиға

Астанада көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті (ВИДЕО)

Астанада Қабанбай батыр даңғылында көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады Elorda.info.  

Полицейлер азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жүргізушілерге қырағы және барынша мұқият болуды, жаяу жүргіншілерге жолды тек белгіленген орындарда өтуге шақырады.

-->

Астанада Қабанбай батыр даңғылында көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады Elorda.info.  

4 қазан сағат 13:02 шамасында Toyota маркалы автокөлікті тізгіндеген 19 жастағы жүргізуші Қабанбай батыр даңғылымен Орынбор көшесіне қарай жүріп бара жатып, жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 69 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен жаяу жүргіншіге медициналық көмек көрсетілгенімен, ауруханада көз жұмды. Осы факті бойынша анықтау жүргізіледі, – деп хабарлады Полиция департаменті. 

Полицейлер азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жүргізушілерге қырағы және барынша мұқият болуды, жаяу жүргіншілерге жолды тек белгіленген орындарда өтуге шақырады.