Астанада алаяқтық жасаған ЖШС басшысы ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен «Ас-Ай» ЖШС басшысы Асқар Омарды ұстады, деп хабарлады Elorda.info.
Агенттіктің мәліметінше, А.Омар «Жолаушылар тасымалы» АҚ-дан келтірілген залалды өндіріп алу кезінде жеткізу көлемі туралы жалған мәліметтерді және аудиторлардың жалған қорытындыларын пайдаланған.
Сондай-ақ квазимемлекеттік компанияның заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде бюджетке 300 млн теңгеден астам сомаға залал келтірген.
Тергеу амалдары жалғасуда, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
-->Қаржылық мониторинг агенттігі ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен «Ас-Ай» ЖШС басшысы Асқар Омарды ұстады, деп хабарлады Elorda.info.
Агенттіктің мәліметінше, А.Омар «Жолаушылар тасымалы» АҚ-дан келтірілген залалды өндіріп алу кезінде жеткізу көлемі туралы жалған мәліметтерді және аудиторлардың жалған қорытындыларын пайдаланған.
Сондай-ақ квазимемлекеттік компанияның заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде бюджетке 300 млн теңгеден астам сомаға залал келтірген.
Ұрланған қаражатқа А.Омар Астанада құны 125 млн теңге қымбат пәтер мен Range Rover автокөлігін 60 млн теңгеге сатып алған. Сонымен қатар А. Омар қаражатты көлеңкелі айналымға шығару үшін номиналды заңды тұлғалардан 1,3 млрд теңгеге жалған шот-фактураларды пайдаланды. Осыған байланысты 285,6 млн теңгеге салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде, -делінген хабарламада.
Тергеу амалдары жалғасуда, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.