Оқиға

Астаналық әйел ер адамды тонап кетті (ВИДЕО)

Полицияға қала тұрғыны хабарласып, Біржан сал көшесінің бойында ұялы телефонын ұрлап, тонап кеткенін айтып арызданған, деп хабарлады Elorda.info.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қылмыс жасады деген күдікпен бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 31 жастағы әйелді ұстады.

Тергеу барысында жәбірленушінің таңертең ерте теміржол вокзалынан шығып, үйіне жету үшін такси күтіп тұрғаны анықталды. Осы уақытта оған бір әйел жақындап, әңгіме айтып, көңілін аударған. Содан кейін ашық тұрған барсеткадағы ұялы телефонды жұлқылап ұрлап, қашып кеткен. Сасқалақтаған ер адам не болғанын бірден түсінбеген.

-->

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер алынды. Ұсталған азаматша уақытша ұстау изоляторына қамалды. Азаматтарға қырағы болуды ескертеміз. Құқыққа қайшы әрекеттер орын алған жағдайда дереу полицияның «102» арнасына хабарлау қажет, - дейді Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Марк Азволинский.