Шымкентте колледж жатақханасынан 1-курс студентінің мәйіті табылды
Шымкент коледждерінің бірінің жатқанасында 1-курс студенті көз жұмды. Деректер бойынша жігіт соққы салдарын көтере алмай, мерт болған, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан колледждердің бірінің жатақханасынан 1-курс студентінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Әл-Фараби АПБ қызметкерлері ҚР ҚК 106-бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған.
-->Шымкент коледждерінің бірінің жатқанасында 1-курс студенті көз жұмды. Деректер бойынша жігіт соққы салдарын көтере алмай, мерт болған, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан колледждердің бірінің жатақханасынан 1-курс студентінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Салдарынан ол кенеттен өзін нашар сезінген. Студенттер жедел жәрдем шақырған, бірақ медицина қызметкерлері олар келгенге дейін қайтыс болған. Дәрігерлер жас жігітке көмек көрсетіп үлгермеді, - делінген хабарламада.
Әл-Фараби АПБ қызметкерлері ҚР ҚК 106-бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған.