237 миллион теңге ұрлаған қазақстандық қыз Бішкекте ұсталды
Қазақстан Ішкі істер министрлігі Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Бішкек халықаралық әуежайында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 26 жастағы қыз ұсталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Ол 2023 жылдың жазында өзге адамдармен бірге банктердің бірінің клиенттерін алдау арқылы банк қосымшасының көмегімен ақша ұрлаған.
Келтірілген шығын 237 миллион теңгеден асады», - делінген хабарламада.