Қарағанды облысында іссапардан келе жатқан 2 дәрігер қаза тапты
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған ауылының маңында болған жол апатынан Балқаш қаласындағы «Жезған медициналық орталығы» ЖШС емханасының 2 дәрігері қаза болып, 8 медицина қызметкер зардап шекті, деп хабарлады Elorda.info Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Дәрігерлер Балқаш қаласындағы «Қазақмыс» компаниясының жұмысшыларын профилактикалық қарап-тексеруден қайтып келе жатқан болатын. Олар мінген автобус МАЗ маркалы жүк автокөлігімен соқтығысып, жол апатына ұшырады.
-->Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған ауылының маңында болған жол апатынан Балқаш қаласындағы «Жезған медициналық орталығы» ЖШС емханасының 2 дәрігері қаза болып, 8 медицина қызметкер зардап шекті, деп хабарлады Elorda.info Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Дәрігерлер Балқаш қаласындағы «Қазақмыс» компаниясының жұмысшыларын профилактикалық қарап-тексеруден қайтып келе жатқан болатын. Олар мінген автобус МАЗ маркалы жүк автокөлігімен соқтығысып, жол апатына ұшырады.
Министрлік атынан қапияда көз жұмған Кенжеханова Виктория Ислямқызы мен Қыстаубаева Бақыт Рашитқызының жақындары мен отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Отоларинголог Виктория Кенжеханова мен офтольмолог дәрігер Бақыт Қыстаубаева азаматтардың денсаулығын қорғауға ондаған жыл ғұмырын сарп еткен нағыз кәсіби мамандар еді. Аймақтық денсаулық сақтау саласы орны толмас ауыр қазаға душар болды. Денсаулық сақтау министрлігі жол апатынан қайтыс болған дәрігерлердің отбасы мен жақындарына көңіл айтады, – делінген хабарламада.