Оқиға

Астанада жоғалған бала әжесіне ауылға кетіп қалған

Астана полицейлері із-түзсіз жоғалған баланы тапты, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

19 қыркүйекте сағат 22.04-те полицияға елорда тұрғыны 9 жаcтағы ұлының сағат 13.00-де үйден белгісіз бағытта шығып кеткенін және оның жүрген жері әлі белгісіз екенін айтқан. Кәмелетке толмаған баланы іздеуге Полиция департаментінің жеке құрамы мен оған қарасты күштер, сондай-ақ еріктілер бағытталған. Барлық қажетті жедел-іздестіру және тексеру іс-шаралары жүргізілді. Жоғалған адам болуы мүмкін жерлер тексерілді.

-->

Қабылданған шаралармен кәмелетке толмаған бала табылды. Оның Ақмола облысының Софиевка ауылына әжесіне барғаны анықталды. Қазіргі уақытта балада бәрі жақсы, - деп түсіндірді Астана қаласы ПД КПБ іздестіру бөлімінің бастығы Нұрғали Асылхан.