Елордада велосипед ұрлаған әйел ұсталды
Елордалық полицейлер жедел іздестіру іс-шаралары барысында велосипед ұрлады деген күдікпен 46 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлады Elorda.info.
Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған әйелдің велосипед ұрлау мақсатында жеке секторды аралағаны анықталды. Күдікті үйлердің бірінде құлыпталмаған қақпаны байқап, ауладағы құны 50 мың теңге тұратын «Dream Stels» маркалы велосипедті ұрлап кеткен. Осылайша әйел екі велосипед ұрлаған.
Полицейлер ұстаған әйел өз кінәсін мойындады, ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай дәлелдемелер ішінара тәркіленді, ол бір велосипедті өтіп бара жатқан адамға сатып үлгерген.
-->Елордалық полицейлер жедел іздестіру іс-шаралары барысында велосипед ұрлады деген күдікпен 46 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлады Elorda.info.
Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған әйелдің велосипед ұрлау мақсатында жеке секторды аралағаны анықталды. Күдікті үйлердің бірінде құлыпталмаған қақпаны байқап, ауладағы құны 50 мың теңге тұратын «Dream Stels» маркалы велосипедті ұрлап кеткен. Осылайша әйел екі велосипед ұрлаған.
Полицейлер ұстаған әйел өз кінәсін мойындады, ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай дәлелдемелер ішінара тәркіленді, ол бір велосипедті өтіп бара жатқан адамға сатып үлгерген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, сондай-ақ, елорда аумағындағы осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда, - деп атап өтті Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Қадыр Малғаздаров.