Оқиға

28 жастағы ер адам әкесін пышақтап өлтірді

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қанды оқиға 8 қыркүйекте болған. 

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

-->

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қанды оқиға 8 қыркүйекте болған. 

Күдікті үйге мас күйде келіп, соның салдарынан әкесімен арада жанжал туындаған. Алайда ауызша кикілжіңнен кейін ұлы әкесіне пышақ ала жүгіреді. Ол асхана пышағын алып, әкесін бірнеше жерінен жарақаттайды. Зардап шегуші Ырғыз аудандық орталық ауруханасына жеткізілгенімен, кейіннен жарақаты саладрынан көз жұмды, - делінген ПД хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.