Оқиға

Ламинаттың қаптамасын ұрлаған елордалық ұсталды

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер ұрлық жасаған күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 57 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Ер адамның айтуынша, ол әйелімен бірге көрші пәтерге жиһаз сатып алуға келгенде ламинаттың қаптамасын байқаған.
Жаман жатқан нәрсені алуға бел буған күдікті қайтып келіп, кіреберістен еденді кедергісіз алып шыққан. Қаскүнемнің бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ұрланған ламинатты тәркілеп, иесіне қайтарып берді.
 
-->