Елордалық өрт сөндірушілер жасөспірімді құтқарды (ВИДЕО)
17 тамызға қараған түні сағат 00.20-да елордалық өрт сөндірушілер Ақмешіт көшесі, 11 мекенжайына шықты.
Келген бойда "Аси" тұрғын үй кешенінің он екінші қабатындағы пәтердің жатын бөлмесінде 10 шаршы метр алаңда жиһаз жанғаны анықталды.
Өрт сөндірушілердің күшімен 00.50 сағатта өрт сөндірілді.
-->17 тамызға қараған түні сағат 00.20-да елордалық өрт сөндірушілер Ақмешіт көшесі, 11 мекенжайына шықты.
Келген бойда "Аси" тұрғын үй кешенінің он екінші қабатындағы пәтердің жатын бөлмесінде 10 шаршы метр алаңда жиһаз жанғаны анықталды.
Барлау барысында № 6 МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Жалғас Жауынбай газ-түтіннен қорғау қызметі буынының құрамында 2008 жылы туған, түтін шыққан пәтердің терезесінде тұрған жасөспірім баланы құтқарды. Он төрт жасар жасөспірім жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, дәрігерлер тексергеннен кейін №2 ММДБ-ға жатқызылды, – делінген ТЖД хабарламасында.
Өрт сөндірушілердің күшімен 00.50 сағатта өрт сөндірілді.