Оқиға

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

14 тамыз күні сағат 16:55-те “Покровка – Жаңажол” автожолының 75-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алып, адам өліміне алып келді.

Темір ауданы “Покровка – Жаңажол” тасжолының 75-ші шақырымында Темір қаласынан Кеңқияқ ауылы бағытында келе жатқан ВАЗ 2113 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, КамАЗ көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 2113 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар жеңіл автокөліктің тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен Кеңкияқ ауылының ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

-->