Оқиға

«Әйелім жүктіліктің соңғы айында»: Оралдық кәсіпкерді өлтірді деген күдікті қамамауды сұрады

Сот отырысында тергеуші 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелдіні қамауға алуды сұрады. Іс материалдарына сүйенсек, күдіктілер "Рахат Лукум" караоке мейрамханасы ғимаратында мекеме иесі Мұханғалиевпен кездескен. Олардың арасында жанжал туындап, содан кейін Қожантаев пышағын шығарып, кәсіпкердің мойын мен кеуде тұсына кем дегенде үш рет соққы жасаған. Сол кезде Амангелді пышағын алып шығып, қоқан-лоққы көрсетіп, мекеме әкімшісіне кедергі болған.

Сарапшының айтуынша, Мұханғалиевтің өліміне мойын, кеуде және бел аймағындағы пышақ жарақаттары, сонымен қатар сол жақ ұйқы артериясы мен оң бүйректің зақымдануы, маңдай сүйектерінің сынуы себеп болған.

Руслан Қожантаевтың өзі тергеу дәлелдерімен келіспеді. Ол екі әйелі (біреуі жүктіліктің соңғы айында), балалары және үйі бар екенін айтты. Ер адам соттан өзін екі айға қамауға алмауды сұрады.

Бұл ретте Тұрлан Амангелді сотта Қожантаев қысым көрсеткенін, сол күні онымен бірге баруға мәжбүр болғанын айтты. Екі айыпталушының да бұрын соттылығы болмаған. Судья санкциясы бойынша, Қожантаев пен Амангелді екі айға қамауға алынды. Тергеу барысында айыпталушы қамауда болады.

-->

Мұханғалиев ашық тұрған терезеден секіріп кетпек болған. Сол кезде Қожантаев оның беліне бірнеше рет соққы берген. Сосын жараланған Мұханғалиев орталық стадионға қарама-қарсы тұрған көлік тұрағына жүгірген. Күдіктілер оны қуып жетіп, Амангелді оны жерге құлатып, бірнеше рет тепкен. Осы кезде Қожантаев жүгіріп келіп, одан пышақ сұрайды. Амангелді оған пышағын береді, ол тағы алты рет пышақтайды. Мұханғалиев алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болады. Қожантаев пен Амангелді қылмыс жасаған жерден қашып кеткен, - деді прокурор Тәжғалиева.

Сарапшының айтуынша, Мұханғалиевтің өліміне мойын, кеуде және бел аймағындағы пышақ жарақаттары, сонымен қатар сол жақ ұйқы артериясы мен оң бүйректің зақымдануы, маңдай сүйектерінің сынуы себеп болған.

Қожантаев пен Амангелдінің тұрақты табыс көзі жоқтығын, аса ауыр қылмыс жасағанын, содан кейін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынғанын ескере отырып, олардың жасырынуы және объектив тергеуге кедергі келтіруі, жәбірленушілер мен куәгерлерге қысым көрсетуі мүмкін екеніне жеткілікті негіз бар. Соттан полиция бөлімі тергеушісінің өтінішін қанағаттандырып, Қожантаев пен Амангелдіні екі айға қамауға алуды санкциялауды сұраймын, - деді мемлекеттік айыптаушы.