Оқиға

Елордада велосипед ұрлаған күдіктілер ұсталды

«Есіл» аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 23 және 26 жастағы екі күдіктіні ұстады. Ұсталғандардың екеуі де бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, алайда түзу жолға түспей, қылмыстық әрекеттерін жалғастыра берген.
Қазіргі уақытта олардың елорда аумағында ұрлықтың 8 эпизодына қатысы бар екені анықталды.

Ағымдағы жылдың 07 тамызында «Есіл» ауданы ПБ кезекші бөліміне бір күнде Ақмешіт, Сауран және Алматы көшелеріндегі көп қабатты үйлердің тұрғындарынан төрт арыз келіп түскен. Ұрлықтың әдісі барлық жағдайда бірдей болған.

Қаскүнемдер кешкі уақытта тұрғын үйлердің кіреберістеріне кіріп, әртүрлі маркалы екі дөңгелекті көліктердің сымарқандарын кесіп алып шыққан.
Күдіктілер қамауға алынды, қазіргі уақытта тергеу изоляторында. Олар кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер ішінара алынды.
Ұсталған адамдардың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізілуде.

-->