Оқиға

Елордада жолаушылар автобусы жанып кетті (ВИДЕО)

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 шілдеде сағат 14:45-те Керей-Жәнібек хандар мен Түркістан көшелерінің қиылысында автобус өртеніп жатыр деген хабар келіп түскен.

Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамының бес адамы мен бір техникасы жұмылдырылды.

-->

Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер автобустың қозғалтқыш бөлігі өртеніп жатқанын анықтады. Өрт сағат 14:58-де сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген ТЖД хабарламасында.