Оқиға

Астаналық әйелдің алқасын кіреберісте жұлып алды (ВИДЕО)

Сарыарқа ауданының полицейлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында күдіктіні ұстады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған, 30 жастағы ер адам болып шықты. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК «Тонау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындады, ұсталған азамат ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай айғақтар ломбардтан тәркіленіп, иесіне қайтарылды.  

-->

Күдікті 62 жастағы әйел кісінің мойнындағы кулоны бар алтын алқаны қоғамдық көлікпен келе жатқан кезінде байқаған. Содан әйел автобустан түскенде ер адам оның соңынан еріп, бірге үйдің кіреберісіне кіреді. Жәбірленуші баспалдақпен көтеріліп бара жатқанда арт жағынан оған шабуыл жасап, мойнындағы алқаны жұлып алған. Анықталғандай, тонаушы сол күні ломбардқа құны 300 мың теңге тұратын зергерлік бұйымдарды 140 мың теңгеге өткізген, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында. 