Оқиға

80 қап жем ұрлағандар анықталды

Тәртіп сақшылары маусым айының соңында бір топ қаскүнемдер кәсіпкердің гаражынан 800 000 теңгеден астам сомаға құс азығын ұрлағанын анықтады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Аталған ЖШС-нің 36-дан 43 жасқа дейінгі 4 қызметкерінің қылмысқа қатыстылығы анықталды.  Белгілі болғандай, олар жүргізуші арқылы жемді шығаруға шешім қабылдаған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

-->