Ақмола облысында суға кеткен журналистің денесі іздестіріліп жатыр
Ол жеке демалыс орындарының біріндегі тоғанға батып кеткен. Қайғылы оқиға 19 шілдеде Арнасай ауылындағы Вячеслав су қоймасы аумағында болған.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ақпарынша, қазір оқиға орнында құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
-->Ол жеке демалыс орындарының біріндегі тоғанға батып кеткен. Қайғылы оқиға 19 шілдеде Арнасай ауылындағы Вячеслав су қоймасы аумағында болған.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ақпарынша, қазір оқиға орнында құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Аршалы аудандық полиция бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының 95 жылы туған қыз суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға болған күні ол құрбыларымен демалыс аймақтарының бірінде болған. Демалыс орнының құтқарушысы келгенімен құтқару мүмкін болмады, – деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Пинчук.