Елордалық полицейлер бірнеше қылмыс жасағаны ұрыны ұстады
Ол түзу жолға түспей, ескі әдетіне басып, қылмыстық әрекеттерін қайта бастаған.
Тергеу барысында күдіктінің сағат 18.30-да Бөгенбай батыр даңғылындағы сауда үйіне келгені анықталды. Ол бутиктердің біріне кіріп, сатушының басқа жаққа алданып тұрғанын пайдаланып, спорттық сөмкені ұрлаған. Сонымен қатар, оның ішіне 25 жұп жұмыс қолғаптарын салып алып, дүкеннен еш кедергісіз шығып кеткен. Материалдық шығын 100 мың теңге көлемінде бағаланды.
Күдіктіге қатысты осыған ұқсас 15 ұрлық бойынша айып тағылып, қазіргі уақытта ол бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр.
-->Ол түзу жолға түспей, ескі әдетіне басып, қылмыстық әрекеттерін қайта бастаған.