Оқиға

Елордада супермаркеттен қымбат виски ұрлаған адам ұсталды (ВИДЕО)

Тергеу барысында оның сағат 20.00 шамасында Қалдаяқов көшесіндегі супермаркетке кіріп, 20 бөтелке Jameson маркалы вискиін жасырын ұрлағаны анықталды. Белгілі болғандай, ер адам жанында ешкім жоқ екенін пайдаланып, алкоголь өнімдерін рюкзагына салып, супермаркеттен шығып кеткен.

Сонымен қатар күдікті осыған ұқсас тәсілмен Байтұрсынов көшесіндегі супермаркеттен де 9 виски ұрлаған.

Аталған фактіге байланысты «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Полицейлер шағын және орта бизнес нысандарын бейнебақылау камераларымен жабдықтауды, жұмыс орнын қараусыз қалдырмауды ұсынады.

-->

Қазіргі уақытта ол осындай ұрлықтың 9 эпизодында күдіктелуде. Ұрланған мүлікті күдікті үшінші тұлғаларға сатқан, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.